10 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай киокушинкай каратэден жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының ашық турнирі өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Б.Жамангозов, ауған соғысының ардагерлері, аудан тұрғындары, және Қордайдың жас ақыны Әділет Құттыбай қатысып, Ауған соғысының ардагерлеріне арналған жырын тарту етті.
Спорт додасында Тараз қаласы, Алматы, Ұлытау облысы, Алматы облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Қордай ауданы, Шымкент қаласы, Қарағанды қаласы және Қырғызстан Республикасынан келген 6-15 жас аралығындағы жасөспірімдер бақ сынасты.
Турнир қорытындысы бойынша Кордайлық жас спортшылар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтатын болсақ, жүлделі 1-орынды Ганиев Хаким, Лаахунов Рамазан, 2-орынды Нұрлы Есінкелді, Жапарбек Радмир, Ганиев Салим, Даулетхан Сұлу, 3-орынды Приходько Артём, Болысбек Таирхан, Абдраимов Давлат, Жапарбек Амир, Лаахунов Равиль иеленді.
Жүлделі орынға ие болғандарға арнайы дипломдар, медальдар, кубоктар мен қатар алғыс хаттар табысталды.