Шаруаларға қолжетімді несие, қаржылық қолдау ауыл кәсіпкерлігін дамытуға серпін берген «Қордай» несие серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.
Атаулы датаға орай ұйымдастырылған салтанатты шарада серіктестік басшылығы мен ұзақ жыл еңбек еткен қызметкерлерге аудан әкімі Бегзат Болатбековтың алғыс хаттары мен мерейтойлық төс белгілері табыс етілді.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл аудан әкімінің мерекелік құттықтауын арнайы табыстап, бірегей қаржылық институтының жергілікті кәсіпкерлікті дамыту саласына қосқан үлесін атап өтті.сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықовта өз құттықтауын жеткізді.
Айта кетерлігі, «Қордай» несие серіктестігі» ауылшаруашылық тауар өндірушілерін, оның ішінде «Кең дала», «DKZ-2021», «Іскер», «Сыбаға» және т.б. осы сияқты мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруды (несиелеуді) қамтамасыз ететін Жамбыл облысындағы аудандық деңгейдегі жалғыз қаржы институты болып табылады.
«Қордай» несие серіктестігі» арқылы мал басын көбейтуге, техникалық паркін жаңартуға, тамшылатып суару жүйесін сатып алуға және орнатуға, егістік жерлерді кеңейтуге мол мүмкіндік алды. Егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар жыл сайын көктемгі дала жұмыстарына және жиын-терім кезінде 5%-бен 1 жылға дейінгі мерзімге несие алады.