«АНА – гүл, жыр, өмір шуағы»

0

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданның қазыналы қарттары да сый-құрметтен құр-алақан қалмады. 6 наурыз күні №7 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында қызмет алушы әйелдер қауымына арналған «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Орталықтың ер-азаматтарының бастамасымен өткен шарада мекеменің директоры Айнұр Алматаева асыл аналар мен ұжымдағы қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтады.

Сонымен қатар бұл күні орталыққа мектеп оқушылары да арнайы келіп, қарт аналарға гүл шоқтарын табыстап, өнерлерін де көрсетті.  Мерекелік концертте ата-әжелерге жақсы таныс әуезді әндер айтылып, қариялардың көңілі толқып, жастық шақтарын еске түсіргендей күй кешті.

«Қариялардың жүзіндегі шынайы қуанғандарын көру бір бақыт. Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз – осындағы қарт ата-әжелеріміздің көңілін көтеру, мейірім сыйлау. Оқушылар да келіп, ән-билерін орындап, қарияларымыз бір жадырап қалғаны рас», — дейді орталық директоры Айнұр Алматаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.