«ӘУЛИЕАТА АРУЫ–2024»

0

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен №7 Бетқайнар колледжінде білімгерлер арасында  «Әулиеата аруы – 2024»  байқауы  өткізілді.

Халқымыздың төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге, қыз баланың бойындағы инабаттылық, даналық, ибалылық қасиеттерін насихаттауға бағытталған сайысқа алты ару қатысты. Байқаудың әр кезеңінде қыздар тапқырлық танытып, әрқайсысы өзінше даралығымен, даналығымен бір-бірінен кем түспеді. Дегенмен өзге қатысушыларға қарағанда, Марзия Исағұл есімді білімгер жауаптарының ұтымдылығымен, өнерімен дараланып, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені жеңіп алды. Ал жүлделі І – орынды Ақылбек Ұлдана, ІІ – орынды Иса Милана  және  Азизова Карина иеленді. Байқауға қатысқан қатысушылар «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің сыйлықтарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.