Құрметті қордайлықтар!
Сіздерді әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Наурыз тек табиғаттың ғана емес, адам рухының да жаңаруын бейнелейтін Қазақстандағы басты мерекелердің бірі. Бұл күн адамдарды бірлік пен берекеге бастап, игі істер мен жасампаздыққа үндейтін, ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінің алуандығын паш ететін тарихы тереңде жатқан қастерлі мереке.
Ата-бабаларымыз барлық игі бастамаларын дәл осы күннен бастап, жаңа жылдан жақсылықтар мен жаңа жетістіктер күткен, болашаққа жоспар құрған. Ұлыстың Ұлы күні біз үшін қашан да ата-бабаларымыздың ұлағатын дәріптеген дәстүр ретінде қымбат. Бүгінде біз осы игі дәстүрлерді жалғастырып келеміз. Заманауи өмірге үйлесімді сіңісіп кеткен Наурыз шын мәнінде жалпыхалықтық мерекеге айналып, қоғамдағы саяси тұрақтылықты нығайтуда үлкен рөл атқаруда.
Ұлыстың Ұлы күні – мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. Сондықтан халқымыз ежелден осы мейрамда бір-біріне риясыз көмектесіп, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп отырған. Қордайлықтардың даңқты дәстүрді күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқаны қуантады.
Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың тамырын тереңге жайған көктемнің тамаша мерекесін биыл жаңа форматта атап өтудеміз.
Мемлекет басшысы атап өткендей, біз басты құндылығымыз – Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, ұлттық болмысымыздың іргетасын нығайтуға тиіспіз. Бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз.
Құрметті жерлестер!
Егемен еліміздің аспаны әрдайым ашық болсын. Отбасыларыңызға бақыт, амандық, сондай-ақ ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін! Ұлыстың Ұлы күні –
Наурыз құтты болсын!