МӘСЕЛЕ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІМІН ТАБАДЫ

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті билік өкілдеріне әрдайым халықпен бірге болуды, олардың мұң-мұқтажына, проблемаларына құлақ асып, оның шешу жолдарын қарастыру талабын орындау мақсатында аудан әкімі Бегзат Болатбеков тұрақты түрде қоғамдық қабылдаулар жүргізіп келеді.  Соның бір айғағы  сенбі күнгі аудан басшысының азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауы болды.

Бұл жолғы қабылдауға Қаракемер және Отар ауылдық округінен тұрғындар келді. Қаракемерлік кәсіпкерлер аудан әкімімен өздерінің коммерциялық нысанға байланысты проблемасымен бөлісті. Олардың сұрауын толықтай тыңдаған Бегзат Болатбеков, заң аясында түсініктеме берді. Бұл мәселені бақылауға алу бойынша ауылдық округ әкіміне тапсырма жүктелді. Ал, Отар ауылының тұрғыны баспана мәселесі бойынша өтінішін жеткізді. Оған да барлығы заң аясында шешілетіні, яғни тұрғын үй кезек бойынша берілетіні түсіндірілді. Сонымен қатар, Бегзат Сейсенқұлұлы бірқатар ұсыныстарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.