Гвардейск гарнизонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 82796 әскери бөлімінің офицерлері мен сержанттарының тұрмыстық жағдайлары тексерілді.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жасау нәтижесі әскери қызметтің сапасын арттырады. 82796 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің әскери тәртіп жөніндегі аға офицері гвардия капитаны Берік Темешев пен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі жетекшісінің міндетін уақытша атқарушы ҚК қызметкері Айгүл Таубалдиева барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, офицерлер мен сержанттардың үйлеріне барып, тұрмыстық жағдайларын біліп, сұхбаттасып қайтты. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайларын біліп, олардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі мен несие, қарыз мәселесінде сұхбаттасу жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, шара барысында әскери қызметшілердің арасында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың үйлеріне де барып, қал-жағдайларын сұрады.
«Біз жоспарға сәйкес санитарлық нормаларды сақтай отырып, әскери қызметшілердің үйлеріне барып, отбасы мүшелерімен сұхбаттасып жағдайын біліп тұрамыз. Олармен тығыз байланыста болып, проблемалық сұрақтары бойынша көмек беру үшін шешім қабылдауға басшылыққа баяндаймыз», — деді ҚК қызметкері Айгүл Таубалдиева.
Гвардейск гарнизоны
баспасөз қызметінің бастығы
майор Жомарт Тажиханов