«Біз өмірді таңдаймыз»

0

Гвардейск гарнизонында «Біз өмірді таңдаймыз» тұлғалық және отбасылық конфликтердің алдын алу, өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау онкүндігі бойынша іс-шара өтті.

Алдын алу шарасы белгіленген санитарлық нормалар сақтала отырып, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің қатысуымен өткізілді. Шараны әскери бөлімдердің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшілері ұйымдастырды. Шара барысында Қарулы Күштер қызметкері Сандуғаш Елемесова «Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша слайд түрінде сабақ өткізді. Онда – суицид ұғымы, оның себептері, қауіптілігі мен белсенділігі, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті мен негізгі топтары және суицидальді мінез-құлықтың түрлері туралы айтылды. Сондай-ақ, Қарулы Күштер қызметкері Қаракөз Айтмырзаева тұрмыстық, ұжымдық тағы басқа да ортадағы дау-жанжалдың алдын алу мақсатында «Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбы аясында отбасылық, әріптестер және әйел мен еркек арасындағы тығырыққа тірелген мәселелер, өз-өзіне зиян келтіру ықтималдылығы жоғары ситуациялардан шығар жол табуға арналған оқиғалар және алтын балық тақырыптары бойынша тренинг жүргізді. Қатысушылар қызығушылық танытып, өз ойларымен бөлісті.

«Біз бүгін өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау онкүндігі бойынша іс-шара ұйымдастырып өткіздік. Бұл шараны әскери бөлімдердің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшілерімен бірлесе отырып жүргіздік. Оларға алғысымды білдіріп, рахметімді айтқым келеді. Қатысушы отбасы мүшелері де қызығушылық танытып, тренингке белесене қатысты. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұратын боламыз», — деді 28123 әскери бөлімінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Қарулы Күштер қызметкері Сандуғаш Наханова.

 

Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.