ӘР СҰРАҚ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

0

Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша кезекті қабылдауы «АMANAT» партиясының аудандық филиалында өтті. Аудан басшысымен кездесуге келген жандар жекелей және қоғамдық маңызы бар бірқатар сұрақтарды көтерді.

Мәселен, Гвардейский қалашығынан келген азамат Отар ауылы аумағында кәсіпкерлікті дамыту үшін жер телімін сұрай келсе, Тәжікстан, Ауғанстан және Таулы Қарабақ аумақтарында орын алған қарулы қақтығыстарға қатысқан ардагерлер Қордай ауылы аумағында стелла салу, ардагерлерді тұрғын үймен қамту және кабинет ашу бойынша сұрақтарын көтерді. Сондай-ақ, баспана бойынша өмірлік қиын жағдайға түскен көп балалы отбасылар, жалғыз басты көп балалы аналар да баспана жайын қозғады. Сонымен қатар, аудан басшысы қабылдауына жазылған тұрғындар Қордай ауылындағы орталық саябаққа қатысты мәселе көтерсе, бір топ қордайлықтар жаз айында ауыз судың жетіспей отырғанын алға тартты. Барлығын назарға алған Бегзат Сейсенқұлұлы заң аясында әр сұраққа жекелей түсініктеме беріп, бірқатар жауаптыларға тапсырмалар жүктеп, күрделі сұрақтарды өзінің жеке бақылауына алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.