Спорт күні мерекесіне орай аудандық орталық стадионда ерекше шара ұйымдастырылып, аудан спортын өрге сүйреп жүрген жандарға құттықтаулар мен марапаттар ұсынылды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің аппарат басшысы Нұрболат Сатымқұл, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалым Әлімжанов қатысып, ізгі тілегін жеткізді.
Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталып, бірқатар спортшы жастар мен спорт ардагерлерін марапаттауға ұласты. Сонымен қатар, аудан әкімінің аппарат басшысы Нұрболат Сатымқұл бейбітшілік пен бірлікті ту еткен сала қызметкерлеріне, аудан спортының дамуына өз үлестерін қосып жүрген барша азаматтарға жарқын жетістіктер тілеп, аудан басшысының ыстық лебізін жеткізді.
Шара одан әрі аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.