Бабалар арманы ақиқатқа айналған күн

0

Құрметті достар!

Сіздерді елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болған «25 қазан – Республика күнімен» шын жүректен құттықтаймын. Республика күні турасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұл күн – ата-бабамыздың арманы жүзеге асып, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн», деп атап өткен болатын.
Расында 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат.
Қуатты және қарқынды даму жолына түскен мемлекет азаматтардың құқықтарына және олардың еркіндігіне мызғымас кепіл болады. Халқы жасампаз, отаншыл және еңбекқор ел ғана толағай табысқа жетері анық. Сондықтан біздің осы жолдағы бағдарымыз – баршаға айқын.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-несібе, амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.