Масанчи ауылы 17.01.2025 жыл сағат 10.00
Жиналыс төрағасы: Х.Буларов
Жиналыс хатшысы: В.Махоткина
Жиналысқа қатысқандар:
1)жергілікті қоғамдастық мүшелері — 1 адам,
2) Береговая көшесінің тұрғындары — 48 адам.
Күн тәртібінде:
Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы Береговая көшесін – Шерхан Мұртаза көшесі деп қайта атау туралы.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Х.Буларов, Р.Малиев сөз сөйледі.
Х.Буларов: Масанчи ауылдық округінің әкімі Береговая көшесінен 48 тұрғын және 1 жергілікті қоғамдастық мүшесі қатысып отыр. 2022 жылғы 23 мамырдағы облыс әкімнің қатысуымен облыс аумағында тұрғызылған ескерткіштер және өткізілген шаралар бойынша өткен кеңестің №105 хаттамасының 1 тармағында берілген тапсырмасын орындау үшін Жамбыл облысының тумасы жазушы, журналист, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстаның халық жазушысы, ҚР Президенті Әкімшілігімен өзектендірілген № «555 Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген Шерхан Мұртазаның есімін Масанчи ауылындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген Береговая көшесіне қайта атау қажеттігі қарастырылып отыр. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Р.Малиев: Масанчи ауылындағы Береговая көшесінің атауын қазіргі кезде тарихи тұлғаның атауына өзгерткен өте дұрыс деп түсінемін. Ауылымыздың көше атаулары тарихи атауларымен байланыстырып атаған жөн.
Х.Буларов: Масанчи ауылдық округінің әкімі тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.
Қарсы — 9.
Қалыс – жоқ.
Қолдағандар саны — 39 адам.
Жиналыс төрағасы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша көрсетілген көшелерді қайта атау ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.
Жиынның шешімі:
- Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы Береговая көшесін – Шерхан Мұртаза көшесі деп қайта аталсын.
- Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.
Жиын төрағасы Х.Буларов
Жиын хатшы: В.Махоткина