Дәстүр бойынша Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Қордай аудандық сайлау комиссиясы ұйымдастырған түрлі іс-шаралар қолға алынды. Бағдарламаға сәйкес, 5 ақпанда №7 Бетқайнар колледжінің студенттерімен «Конституциялық таңдау және сайлану құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев, Бетқайнар ауылдық округінің әкімі Б.Құттықов және Қордай аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай қатысты.
Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаевтың, Қордай ауылдық округінің әкімі А.Қаспақбаевтың, Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Ә.Есбосынов және Қордай аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Ниязгулованың қатысуымен «Қордай «Гуманитарлық-экономикалық колледжінің» студенттерімен кездесу өткізілген болатын. Осы кездесуде жас сайлаушыларға «Дүниежүзілік сайлау күнінің» шығу тегі, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы, елде енгізілген саяси реформалар, оның ішінде сайлау жүйесіндегі өзгерістер мен инновациялар туралы және Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында бекітілген азаматтардың құқықтары туралы түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ, 7 ақпанда Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаевтың, Қордай аудандық мәслихатының депутаты А.Идыбоның қатысуымен М.Ю.Лермонтов атындағы №16 орта мектептің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада 2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Венгрияның Шиофок қаласында 25 мемлекеттен тұратын сайлауды ұйымдастырушылардың Еуропалық қауымдастығының бастамасы бойынша сайлау ұйымдарының дүниежүзілік конференциясы өткені және оның шешімімен ақпанның бірінші бейсенбісі «Дүниежүзілік сайлау күні» болып белгіленгені атап өтілді. Оқушыларға Дүниежүзілік сайлау күні, сайлау жүйесі қалай қалыптасқаны және Қазақстандағы сайлау жүйесі туралы қысқаша айтылды. «Дүниежүзілік сайлау күні» аясында өткізілетін кездесулердің негізгі міндеті азаматтардың санасында негізгі демократиялық қағидаттар мен постулаттарды түбірлендірудегі сайлаудың рөлін ашу, сондай-ақ сайлаушылардың сайлауға қатысу белсенділігін арттыру болып табылады.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы