Құрметті Қордай ауданының тұрғындары мен қонақтары. Қордай ауданы аумағында 2021 жылдың сәуір айының 26-29 жұлдызы аралығында «Борышкер-2021» акциясы жүргізілуде. Осы акция барысында Қордай АПБ-нің қызметкерлері және аудандық жеке сот орындаушылары бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сол себепті, сіздерден салынған айыппұлды уақытында №204106 есеп шотына төлеулеріңізді сұраймыз.
Әкімшілік айыппұлды төлегеннен кейін айыппұлдың төленгені туралы түбіртекті Қордай ауылы, Төле би көшесі №61 мекенжайында орналасқан Қордай АПБ-нің әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика тобына алып келулеріңіз қажет.
Ш.Ещиганов, Қордай АПБ-нің ӘПБ ӘТТ аға инспекторы, полиция майоры