ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫ 23,34 трлн ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

0

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 23,34 трлн теңгеге жетті. 12 айда 4,10 трлн теңгеге немесе 21,3%-ға артты.

2025 жылдың 1 маусымында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 22,25 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,9%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 666,33 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,7%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (37,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша көлемі 8,45 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 маусымына 418,45 млрд теңге болды.

ТҮСІМДЕР

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 301,01 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 20,4%-ға (немесе 220,26 млрд теңгеге) артық.

Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1 маусымына 1 070,38 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 12,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 57,24 млрд теңге (өсім – 21,1%), ЕЗЖ – 1,21 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 5 айында ЖМЗЖ 172,18 млрд теңгені құрады.

ТӨЛЕМДЕР МЕН АУДАРЫМДАР

2025 жылдың 5 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 646,05 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 75,9% немесе 278,68 млрд теңгеге көп.

Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 374,68 млрд теңге. Бұл ретте баламалы мақсаттарға төленетін төлемдер көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 41,25%-ға ұлғайды.

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 22,21% ұлғайып, 01.06.2025ж. 98,08 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 668 теңге.

Жыл басынан бері 01.06.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 28,96 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 15,24 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,32 млрд теңге, жерлеуге – 4,48 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 123,29 млрд теңге аударылды.

ЖЗШ САНЫ

2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,59 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,45 млн бірлік немесе 9%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 маусымына 12,56 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,17 млн — МЗЖ бойынша, 736,94 мыңы — МКЗЖ бойынша, 450,31 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.

2014 ЖЫЛДАН БЕРГІ ТАЗА ТАБЫС 11,67 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

2025 жылғы 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша 2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) таза инвестициялық табыс 11,67 трлн теңгеге тең. Жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған 01.06.2025 ж. таза инвестициялық кірістің үлесі 39,6% жетті. Осылайша, азаматтардың зейнетақы жинақтарының елеулі бөлігі инвестициялық табыс есебінен құралды.

Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн.

Үнемі өзгеріп отыратын экономикалық орта жағдайында міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылып, ҚРҰБ басқаратын, соңғы 12 айда – 2024 жылғы маусым мен 2025 жылғы мамыр аралығындағы салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 2,60 трлн теңге болды. Осы кезеңдегі есептелген инвестициялық табыс 13,08% құрады, ал инфляция мөлшері 11,30%. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 11,39% көрсетті.

Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 маусымға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 972,48% болды, ал бүкіл кезеңдегі инфляция 884,38%.

Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.

БЖЗҚ баспасөз орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.