ЖАСТАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ ЕСКЕРІЛДІ

0

Қордай ауылында спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, ауыл жастарының сұранысы бойынша аудан әкімінің қолдауымен үш жаңа футбол алаңшасының құрылысы басталып, Жібек жолы көшесінің бойында пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, Батыс және Самал ықшам аудандарында тағы екі алаңшаның құрылысы жалғасуда.

Бұл жобалар ауыл тұрғындарының дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік жасау, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қолға алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.