Өмірбаян
НҰРҒАЛИЕВ ҚУАНЫШБЕК ӘБДІҚАДЫР-ҰЛЫ 1983 жылы 24 шілдеде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Өтеген ауылында дүниеге келген. Ұлты: қазақ. Білімі: жоғары.
2003 жылы «Тараз» институтын «қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы №16 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2006-2007 жж. – №8 Өтеген атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2007-2008 жж. – №7 А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2008-2009 жж. – №45 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2009-2010 жж. – Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы.
2010-2020 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің «Тілдерді дамыту басқармасының жедел басқару құқығындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК Қордай ауданы бөлімшесінің меңгерушісі.
2020-2022 жж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталағы» КММ үш тілді оқыту жөніндегі аға әдіскері.
2024-2025 жж. – Қордай ауданы №17 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директорының орынбасары.
2025 жылдан бүгінгі күнге дейін Қордай аудандық спорт бөлімінің статист маманы.
Үйленген. 3 бала тәрбиелеуде.
Сайлауалды бағдарламасы
Егер мен Қаракемер ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланатын болсам, ауылдың дамуына бағытталған келесі басым бағыттарды жүзеге асыруға күш саламын:
— Ауылдағы кәсіпкерлік саласын дамытуды қолдап, жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен кірістерді тиімді пайдалану мақсатында ауыл ақсақалдары, және тұрғындармен бірлесе отырып шешім қабылдаймын;
— Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін субсидиялар мен қолдауларды ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарына қолжетімді етуге ықпал етемін;
— Жастар тәрбиесі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мәдени және спорттық іс-шараларды жандандырып, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етемін;
— Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетуді жергілікті кәсіпкерлер мен ұйымдармен бірлесе отырып жолға қоямын;
— Ауыл инфрақұрылымын (жол, жарық, ауыз су, интернет) жақсарту бағытында жобалар әзірлеп, тиісті бағдарламаларға қатысып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жұмыс жүргіземін;
— Жайылымдық жерлердің қолжетімділігін арттыру, жерді тиімді пайдалану, жер дауларының алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдаймын;
— Ауыл тұрғындарының құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кездесулер, түсіндіру жұмыстары мен семинарлар ұйымдастырамын.
Менің басты мақсатым – Қаракемер ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына адал еңбекпен үлес қосып, ауылымызды көркейту мен өркендету жолында халықпен бірге еңбек ету.