Жол белгілері – көше және автомобиль жолдарындағы көліктердің және жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастырудағы маңызды құрал болып табылады. Олар жол ережелерін нақты белгілеп, жүріс-тұрыс тәртібін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қауіпсіздік деңгейін арттырып, оқыс оқиғалардың алдын алуға ықпал етеді.
Осы мақсатпен Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың тапсырмасына сәйкес, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл және Жаңатұрмыс елдімекенінде тұрғындардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың қозғалысына қолайлы жағдай жасау мақсатында жол белгілерін орнату жұмыстары басталып, жүйелі түрде жүргізілуде. Жобада орнатылатын белгілердің негізгі мақсаты – жол қиылыстарындағы көріну аймағын арттыру, жаяу жүргіншілер өтетін орындарды айқындау және жылдамдық режимін дұрыс реттеу үшін қажетті белгілеулерді орнықтыру.
Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын жүзеге асырушы мердігерлік мекеме «Дана» жеке кәсіпкерлігі.