«МЕНІҢ ОТАНЫМ – МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»

0

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Қордай аудандық «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен колледж студенттері (өзге ұлт жастары) арасында «Менің Отаным – Менің Қазақстаным» тақырыбында өлеңді мәнерлеп жатқа оқудан байқау өтті.

 

Шараның басты мақсаты – өзге ұлт жастарының бойында отаншылдық сезім мен мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ қазақ тілін этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дәріптеу болды.

Байқауға аудан аумағындағы колледждерден 15 пен 21 жас аралығындағы студенттер қатысты. Қатысушылар туған жер, ел, Отан тақырыбындағы қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа, мәнерлеп орындап, өздерінің тілдік және шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Байқау барысында қатысушылардың сахна мәдениеті, дауыс ырғағы мен көркемдік тәсілдері әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды.

Іс-шара соңында үздік өнер көрсеткен қатысушылар арнайы Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.