Аудан орталығындағы орталық алаңда 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Бұл шара елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдеуге арналған маңызды бастама болды.
Республика күні – тәуелсіздігіміздің тарихында ерекше орын алатын күн. Ол еліміз үшін жаңа мақсаттар мен жетістіктердің басталуы болып табылады. Мемлекеттік Туымызды көтеру рәсімі – әрбір азаматтың ұлттық ұстанымының, әрі патриоттық сезімінің оянуына ықпал ететін маңызды сәт.
Рәсім барысында Мемлекеттік Туымыз көкке көтеріліп, Әнұранымыз асқақ дауыспен шырқалды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Молдабеков, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов , аудан ардагерлері, жастар өкілдері, сондай-ақ төтенше жағдай, құқық қорғау органдары, әскери қызметкерлер және білім, денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты. Аталған шара ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық бірлікке деген ынтаны арттыруда маңызды рөл атқарады. Республика күні бізге елімізді мақтан тұтуды, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауды әрі ұрпақтар сабақтастығын сақтауды еске салады. Бұл күн – біздің төл тарихымыз бен мәдениетімізге деген құрметімізді білдіреді. Шараның соңында «Көк тудың желбірегені» әні орындалып, көпшілік бір-бірін мерекемен қуанышпен құттықтады. Бұл сәт – ұлттық рухтың, патриотизмнің және Қазақ елінің болашағына деген сенімнің жарқын белгісі.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ