15 қараша – Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қордай ауданы әкімдігінде сала мамандарына арналған салтанатты қабылдау өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов қатысып, қаржы саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді мерекемен құттықтап, олардың қоғам дамуына қосып келе жатқан үлесін ерекше атап өтті.
Қызметкерлер алдында сөз сөйлеген Бақыт Сахатов өз құттықтауында:
«Өздеріңізге белгілі бүгінде мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңізде!» — деп жылы лебізін жеткізді.
Салтанатты жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, көп жылдық еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Құрметке ие болғандардың қатарында – Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Бағдат Айдашов, «KMF Банк» Акционерлік қоғамының операциялық менеджері Сандуғаш Асқарова, «KMF Банк» Акционерлік қоғамының кредиттік администраторы Айжан Жүнісбаева, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қордай аудандық басқармасының кассирі Гүлзат Сахаева, «KMF Банк» Акционерлік қоғамының бас жеке менеджері Дмитрий Изюмский, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қордай аудандық басқармасының цифрлық қызмет көрсету менеджері Гаухар Баймагометова, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қордай аудандық басқармасының контролер-кассирі Алина Аманжол бар.
Сала мамандары да өз кезегінде көрсетілген құрметке ризашылық білдіріп, мемлекет пен аудан экономикасының дамуы жолында адал еңбек ететіндерін жеткізді.
Сәуле Мұхадинқызы