Ноғайбайдағы нақты істер

0

Аудан әкімдігінің ақпарат алаңында кезекті брифинг 2025 жылдың 10 айының қорытындысын баяндауға Ноғайбай ауылдық округінің әкімі Ер-Серік Ешмұраттың қатысуымен өтті.

Ноғайбай ауылдық округінде 3 елді мекен орналасқан: Ноғайбай, Шарбақты және Сарыбастау ауылы. Округ бойынша халық саны – 2547.

Спикердің айтуынша, жалпы округте экономикалық белсенді тұрғындар саны 1495 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандары – 1453 адам, жұмыссыздар саны – 42 адам, зейнеткерлер – 376, «Күміс алқа» белгісімен марапатталғандар – 21.

Ауылшаруашылық саласы бойынша, Ноғайбай ауылдық округінде жалпы мал басының саны – 42068 басты құрайды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, Ағымдағы жылы Ноғайбай ауылында балалар ойын алаңы орнатылып қолданысқа берілген. Сарыбастау ауылында шағын футбол алаңының қоршауын орнату жұмыстарына «Камбарова» жеке кәсіпкерлігімен келісім шарт жасалынып жұмыстар толығымен аяқталды.

Ауыз су мәселесінде, Ноғайбай ауылдық округі бойынша барлығы 409 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ноғайбай ауылындағы қоғамдық орындардағы құдықтарға қызмет көрсету мақсатында «Қордай су» мекемесімен келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта ауылда 342 абонент орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Шарбақты ауылында республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылып, жаңа ауыз су мұнарасы көптің игілігіне берілді. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «ТаразІсМер» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды. Сарыбастау ауылы тұрғындары қайнар көзінен алынған ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта жобалық сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлануда.

Айта кетерлігі, мал өлекселерінің қалдықтарын тастауға Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің тарапынан қаражат қарастырылып, Ноғайбай ауылына биотермиялық шұңқыр салынды. Алдағы уақытта тұрғындардың игілігіне қолданысқа беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Ақтасты» және «Алтын-Дән» шаруа қожалығы басшыларының қолдауымен «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында Ноғайбай ауылдық округіне әртүрлі ағаш көшеттері сатып алынып, 900 дана ағаш отырғызылды. Ауыл жастарының демеуімен «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 1 га жер қоршалды.

Ноғайбай ауылындағы Рза Қунақова атындағы №35 орта мектептің басшылығы мен ұжымы демеушілерді тарта отырып, мектептің жаңа қақпасы жасалып, мектеп алдына жарық шамдары орнатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.