АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АУЫЗБІРШІЛІГІ

0

Масаншы ауылында белсенді жастарының демеушілігімен балаларды дамыту орталығының құрылысы жүргізілуде.

Бұл жоба жергілікті қоғамдастық үшін үлкен маңызға ие. Орталықтың жалпы алаңы 2000 шаршы метрді құрайды. Мұнда балалардың білім алуын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды және спорттық дағдыларын жетілдіруді көздейтін бірқатар қызметтер ұсынылмақ.

Орталықта музей, мемлекеттік тілді оқыту курстары, мүгедек балаларды оқытуға арналған арнайы кабинеттер, сондай-ақ, спорт зал қарастырылған.

Бұл құрылым балалардың білім деңгейін көтеруге және олардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Музей балаларға мәдениет, тарихымызбен танысуға мүмкіндік беріп, олардың дүниетанымын кеңейтеді. Мемлекеттік тілді оқыту курстары, өз кезегінде, балалардың тілдік дағдыларын жетілдіруге, ұлттық тілімізді меңгеруге бағытталған. Мүгедек балаларды оқытуға арналған арнайы кабинеттер инклюзивті білім беру принциптерін қолға алуға, барлық балалардың тең дәрежеде білім алуына ықпал ететін болады.

Спорт зал балаларды физикалық тәрбиелеудің, салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызды бөлігі. Спортпен айналысу арқылы балалар топ құру, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ, психикалық және физикалық денсаулықтарын нығайту мүмкіндігіне ие болады.

Бұл нысан – ауыл жастарының белсенділігінің жарқын көрінісі. Бұл бастама балалар мен жастар арасында сауықтыру шараларын жүзеге асырып, білім деңгейін көтеруге, шығармашылық әлеуетті дамытуға, адами қарым-қатынастарды нығайту мақсатын көздейді.

Орталық ашылған соң, түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, ауыл жастары мен балалар арасында тығыз байланыс орнатылады.

Бұл – ауылдың дамуға деген ұмтылысының көрінісі, олар балалардың алдағы уақытта бәсекеге қабілетті, саналы азаматтар болып қалыптасуына негіз болмақ.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.