Жаңа жыл – нағыз ертегі емес па: сыйлықтар, шырша, әр бала, тіпті ересек адамдардың өзі де ғажайыпты күтеді және тек жақсылыққа ғана үміттенеді. Бұл адамдардың тек жақсы өзгерістерге сенетін, тілектер айтатын уақыт, ал мереке атмосферасы балалардың қуанышына, отбасылық жылулыққа және ертегі әңгімелеріне толы болады.
24 желтоқсан күні Әлжан ана ауылының мәдениет үйінде Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ерекше іс-шара ұйымдастырып, оның басты қатысушылары орталық тәрбиеленушілері болды. Мерекелік іс-шара Питер Пэн туралы ертегілер негізінде «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында ұйымдастырылды.
Питер, Вэнди және Дзинь-дзинь перісінің шытырман оқиғалары Щелкунчик, Қызыл телпек, Ақшақар мен жеті ергежейлі және т.б. ертегілерінің қойылымдарымен біріктірілді. Оларға орталық тәрбиешілері мен медицина қызметкерлері көмектесті. Жарқын костюмдер, түрлі-түсті бейнелер жиналған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, қазіргі уақытта орталықта 30 бала білім алуда.
«Ертегілер әлеміне саяхаттан» кейін демеушілер сахнаға шығып, бірде-бір баланы сыйлықсыз қалдырмады. Олар – «Ақтас» ЖШС, «Маки-маки» кафесі, кеденшілер, Қордай ауылдық округі әкімі Әділет Қаспақбаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы және «Семейный» дүкені. Ұжым, балалар мен ата – аналар орталықты интерактивті тақтамен және үлкен ойын конструкторымен жабдықтаған тағы бір демеуші – «Қарасу» шекаралық бақылау бөлімінің жеке құрамының жаңа жылдық сыйлығына өте қуанышты болды.
Эльнура Мінісқұлова бастаған орталық ұжымы мен ата – аналар балаларға қуаныш сыйлаған демеушілерге шексіз алғыстарын білдірді, өйткені жаңа жыл – бұл тілектердің орындалуы және әрбір бала бақытты болатын ғажайып уақыт.
Анжела ИЗАЕВА