Наурыз мерекесінің онкүндігі ерекше көңілмен өтеді. 14-23 наурыз аралығында еліміздің әр өңірінде өткізілетін шаралар мен дәстүрлер ұлттық мәдениетімізді терең түсінуге мүмкіндік береді.
14 наурызда көрісу күні – Амал мерекесі. Бұл күні адамдар бір-бірімен кездесіп, жылы сөздер айтып, хабарласып, үйлеріне қонақ күтеді. Мереке кезінде адамдар арасында жылы қарым-қатынастар орнап, туыстық байланыстар нығаяды.
15 наурыз күні қайырымдылыққа арналады. Бұл күні қоғамымыздағы мейірім мен тату көршілікті насихаттау мақсатында шаралар ұйымдастырылады.
16 наурызда мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні өткізіледі. Бұл күні мәдениетімізді, өнерімізді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді.
17 наурыз – Шаңырақ күні. Отбасы қатынастарын нығайту, балалар мен ата-аналар арасында байланыс орнату мақсатында түрлі ойын-сауықтар өткізіледі.
18 наурызда ұлттық киімдерді таныстыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл күні барлық тұрғындар ұлттық киімдерін киіп, сән көрсетілімдерін өткізу ұсынылады. Ұлттық киімдеріміздің ерекшеліктерін көрсету, жастар арасында ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында арнайы шаралар ұйымдастырылады.
19 наурыз – жаңару күні. Бұл күнде ағаш отырғызып, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге назар аударады. Тазалық жұмыстары, экологиялық акциялар өткізіліп, түрлі шаралар ұйымдастырылады.
20 наурызда ұлттық спорт күні. Бұл күні ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, ойындар және сайыстар өткізіледі. Дәстүрлі ойындар мен спорт түрлерін насихаттау мақсатында әртүрлі жарыстар ұйымдастырылмақ.
21 наурыз – Ынтымақ. Бұл күні елді мекендерде қолөнершілер жәрмеңкесін, мерекелік концерттер, ұлттық спорт түрлері бойынша бұқаралық жарыстар, жәрмеңкелер және т.б. іс-шаралар өтеді.
22 наурыз – Жыл басы. Осы күні орталық алаңдарда мәдени-көпшілік іс-шаралар, спорт сайыстары өтеді.
23 наурыз – Тазару. Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өткізу жоспарланып отыр.
Наурызнама онкүндігі – халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы рухани жаңғыруының көрінісі. Ол тек мерекелеумен шектелмей, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді дәріптеу, жастарға ұлттық құндылықтарды ұқтыру жолында маңызды рөл атқарады.