Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков «Қарасу» автомобильдік өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында нысанға арнайы барды.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі жауапты сала мамандарымен бірге өткізу пунктінің қазіргі жағдайын, жобалық-сметалық құжаттаманың әзірлену кезеңдерін, жер телімдерін рәсімдеу және қосымша аумақтарды кеңейту жұмыстарының барысын талқылады.
Сонымен қатар, аудан басшысына сервистік аймақты дамыту, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру және көлік ағынын тиімді ұйымдастыру бойынша жоспарланған жұмыстар таныстырылды.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Қарасу» автомобильдік өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту бойынша тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.