ӨРТ ҚАУІПІ АРТҚАН КЕЗЕҢ

0

Орман өрттерінің көпшілігі адамның немқұрайлығынан болады. Өрт өте қауіпті. Құрғақ ыстық ауа райында олардың ауқымы дүлей апаттарға әкеліп соғады. Қазіргі таңда өрт қауіпінің 4-5 ең қауіпті кезеңі жарияланды.

Орман өрттерінің нәтижесінде ұзақ уақытқа дейін көк шықпай, орыны бос қалады. Оның себебі қызмет ережелерін бұзу және орманда оттың қауіптілігін бағаламау. Сөйтіп шыны ыдыс, түіп қалған темекі тұқылы мен өшірілмеген от – бұның бәрі өрттің ықтимал көздері.

Орманда өрт болдырмау үшін тыйым салынады:

өрт қауіпі бар кезеңде ашық отты пайдалануға;

көп құрғақ шөп жерлерде, жас қылқан жапырақты ағаштарда, кесілген ағаштардың қалдықтарынан тазартылмаған орман учаскелерінде, ағаштардың салбыраған сабақтары астында, ағаш қоймалары жанында ошақ жағуға;

егер өртке қарсы режим енгізілген жерлерде ормандарға бару үзілді-кесілді тыйым салынады;

өзімен бірге орманға тез тұтанатын сұйықтықтар, сондай-ақ сонымен сіңдірілген материалдар алуға;

орманда шыны сынықтарын қалдыруға тыйым салынады: күн сәулесінің түскен кезінде сынықтары шоғырланып, өрттің пайда болуына әкелуі мүмкін;

орманда жанып тұрған оттық, бықсыған шүберектер, темекі лақтыру;

орман алаңшаларында, бақтарда, егістіктерде, ағаштардың астына құрғақ шөпті жағу;

желді күні алауды жағуға және қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

Өрт кезінде зақымдану негізгі түрлері болып күйіп қалу және көмірқышқыл газымен улану табады. Көмек көрсету кезінде, ең алдымен, жанып жатқан киімді өшіру қажет, ал күйіп қалған теріге стерильді таңғыштар таңу керек. Адамдарға иіс тиген кезінде дереу оларды қарқынды түтін аймағынан алып шығып, қажет болған жағдайда, жасанды тыныс жасау керек.

«Қарақоңыз» ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ

Leave A Reply

Your email address will not be published.