ФУТБОЛ АЛАҢЫ

0

Ауылдық жерлердегі спорт инфрақұрылымын дамыту және жастардың белсенді демалысына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Қордай ауданының Әлжана ауылында жаңа футбол алаңының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.

Жаңа спорт нысаны ауыл тұрғындары, әсіресе жастар үшін көптен күткен қуанышты жаңалық болды. Енді олар заманауи әрі жайлы жағдайда футболмен шұғылданып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Жобаның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік жасау.

Футбол алаңының құрылыс жұмыстарын «Бекниязова Багила» жеке кәсіпкерлігі жүзеге асырды.

Фариза ҚОРАБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.