ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ БІРІМҚҰЛОВ АЙДАР БЕКМҰХАНБЕТҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

ӨМІРБАЯН

Бірімқұлов Айдар Бекмұханбетұлы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында туып, өскен.

«Педагог» мамандығы бойынша жоғары білім алып, еңбек жолын Қордай ауылдық округі әкімі аппаратында әлеуметтік қызметкер маманы болып бастаған.

Әрі қарай Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылдық округі аппаратында бас маман, Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы әкімі аппаратында аудан әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқаруда.

Кандидат үшін ауыл тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас, ауыл тұрғындарының күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын түсінуге мүмкіндік берді. Нашар жолдар, ауыз су, интернет байланысы және жайылым мәселелері – мұның бәрі бәріне таныс.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мені ауыл әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

2026-2030 жылдары аралығында Жамбыл, Жаңатұрмыс ауылдарындағы көшелерді толығымен жарықтандыру;

2027-2028 жылдары Жамбыл ауылындағы Жетісу көшесіне Жаңатұрмыс ауылындағы Қабылбек көшелеріне орташа жөндеуден өткізуге;

2027 жылы ауылдың жеке қосалқы шаруашылыққа су мәселесінің шешілуіне;

2027 жылы Жамбыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің құрылысы басталуына;

2028 – 2030 жылдары Жаңатұрмыс ауылында ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға;

2028 жылы Жамбыл ауылындағы саябақты қоршау және аббаттандыруға қосымша қаржыландыру көздерін іздеуге;

Кәсіпкерлік бастамаларды көтермелеу, ауылда шағын және орта бизнесті дамытуға;

Ауылдың көрнекті тұлғаларының мәдени-рухани мұрасын насихаттауға үлесімді қосамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.