Өмірбаян
Райымбекова Альмира Жумабайқызы 1987 жылы 17 қазанда Қырғызстан Республикасының Шу облысында дүниеге келген. Ұлты – Қазақ. Білімі – Жоғары.
2009 жылы «Каспий» қоғамдық университетін «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы еңбек жолын Алматы қаласындағы ғылыми-зерттеу орталығында оператор болып бастады;
2007-2008 жж. – Қ.Сәтбаев атындағы кафедрасының «экономика және бизнес» факультетінің операторы.
2008-2009 жж. – « Каспий «қоғамдық университетінің» Қаржы және аудит» кафедрасының зертханашысы;
2009-2010 жж. – Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің хатшысы;
2012-2013 жж. – Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.
2013 жылы — Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы;
2013-2015 жж. – Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде іс жүргізуші;
2015-2016 жж. – Қордай ауданы әкімі аппаратының статистикасы;
2016-2018 жж. – Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы;
2018-2019 жж. – Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының бөлім меңгерушісі;
2023-2024 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қордай ауданы филиалының Мансап орталығының мониторинг және уақытша жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы.
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қордай ауданы филиалының Мансап орталығы директорының орынбасары.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті Қаракемер ауылдық округінің сайлаушылары!
Егер мен Қаракемер ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа отырып, ауыл тұрғындарының мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін дамытуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, ауылға лайықты қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асырылуына ат салысатын боламын:
2026-2030 жылдары аралығында ауылдық округті абаттандыру, көгалдандыру және күрделі ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
2026-2030 жылдары аралығында жұмыспен қамтудың тиімділігі және баспанамен қамтуға;
Халық арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге;
Ауылдық округ тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауды арттыруға үлесімді қосамын.
2026-2028 жылдары аралығында барлық жастағы тұрғындарға арналған заманауи жабдықталған спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдарының салынуына ықпал етемін.
Қосымша қаржыландыру көздерін іздеймін.
Кәсіпкерлік бастамаларды көтермелеу, ауылда шағын және орта бизнесті дамытуға;
Ауылдың көрнекті тұлғаларының мәдени-рухани мұрасын насихаттауға үлесімді қосамын.
Мен өз сайлаушыларымның әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға қатысамын.