Өмірбаян
Рахимбаев Ғалымжан Серікбайұлы 1987 жылғы 3 мамырында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ноғайбай ауылында дүниеге келген. Ұлты – Қазақ. Білімі – Жоғары.
2009 жылы — Қазақ қатынас жолдары университетін қаржы мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2010 жылы, Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыстар маманы болып бастаған.
2014-2015 жж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің статист маманы;
10.2015-12.2015 жж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің инспекторы;
2015-2016 жж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманның м.а;
2016-2018 жж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманы;
2018-2026 жж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2026 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары.
Үйленген, 1 бала тәрбиелеуде.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар!
Егер мен Қаракемер ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси өміріне белсенді араласа отырып, қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асыруына ат салысатын боламын:
Менің басты мақсатым – ауыл тұрғындарымен қарым-қатынас біздің ауыл тұрғындарының күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын түсінуге мүмкіндік берді. Нашар жолдар, жарықтандырылмаған көшелер, суармалы су, стихиялық күл қоқыс сияқты мәселелерді шешуге, сонымен қатар;
Ауылда қалыптасқан тұрақты саяси-қоғамдық ахуалды сақтау;
Қаракемер ауылдық округіне инвестиция тарту, ауылды көркейтуге ықпал ету;
Ауыл көлемінде ауыл шаруашылығын өркендетумен қатар, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс жасау;
Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастар тәрбиесіне арналған іс-шараларды арттыру;
Халық сенімі мен аманаты мен үшін аса жауапкершілік, үлкен абырой. Сол сенімнен шығу мақсатында еліміздің кемел келешегі үшін ауылды өркендетіп, жоғары белестерге көтеру азаматтық борышым деп есептеймін.
Бүгінде мен осы мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Мен мұны тек Сіздердің қолдауыңызбен ғана жасай аламын!