Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаев тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және индустриялық аймақтарды инженерлік желілермен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Қазіргі таңда облыс аумағында жалпы 143 құрылыс нысаны жүзеге асырылуда. Оның 96-сын биыл пайдалануға беру жоспарланған.
2026 жылы құрылыс саласына 418,5 млрд теңге инвестиция тарту көзделген.
Жыл соңына дейін 770 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның 326 мың шаршы метрі қаңтар-маусым айларында пайдалануға тапсырылды.