ДАЛА ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ – АДАМ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

0

Дала өрттері көп жағдайда адамның жауапсыз әрекеттерінің салдарынан туындайды. Ашық отты дұрыс пайдаланбау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау және немқұрайлы қарау табиғи өрттердің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Атап айтқанда, адамдар тарапынан келесі әрекеттер жиі өрттің шығуына әкеледі:

— далада және ашық аумақта отты бақылаусыз жағу;

— сөндірілмеген темекі қалдықтарын тастау;

— тұрмыстық қалдықтар мен құрғақ шөпті өртеу;

— жанар-жағармай материалдарын қауіпсіздік талаптарын сақтамай пайдалану;

— өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеу.

Жазғы-құрғақ және желді ауа райы жағдайында аз ғана ұшқынның өзі ірі өртке ұласуы мүмкін. Желдің әсерінен жалын тез тарап, үлкен аумақтарды қамтиды, нәтижесінде тұрғын үйлерге, егістік жерлерге және орман алқаптарына қауіп төндіреді.

Адам әрекетінен туындайтын өрттердің салдары ауыр:

— адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп;

— табиғи ресурстардың жойылуы;

— ауыл шаруашылығына зиян;

— ірі материалдық шығындар.

Осыған байланысты әрбір азамат өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауы тиіс:

— ашық отты тек белгіленген және қауіпсіз жерлерде пайдалану;

— отты толық сөндірмей қалдырмау;

— қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді өртеуден бас тарту;

— өрт байқалған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлау.

Адам факторы – дала өрттерінің негізгі себептерінің бірі. Сондықтан әрбір азаматтың саналы әрекеті – өрттің алдын алудың басты кепілі.

Жауапкершілік – қауіпсіздіктің негізі! Табиғатты қорғау – әр адамның міндеті!

Қордай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.