КЕНЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Кенен ауылдық округінде тұрғындар арасында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға күмәнді қоңырауларға сенбеу, белгісіз және жалған сілтемелерге өтпеу, банк картасының деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу, сондай-ақ ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу қажеттігі түсіндірілді.
Құрметті тұрғындар! Қырағылық танытып, алаяқтардың арбауына түспеңіздер. Күдікті жағдайға тап болған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар.
Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі!