Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

0

15-16 тамыз күндері Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «LOTUSFEST-2026» фестивалі өтеді.

Былтыр алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге 5 мыңға жуық турист келген. Биыл олардың саны екі есеге артып, 10 мыңға жуық қонақтың қатысуы күтілуде, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Екі күнге жоспарланған фестиваль аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылып, спорттық жарыстар мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары өтеді.
Фестивальдің алғашқы күнінде облыстық туристік жарыс ұйымдастырылады. Қатысушылар фестиваль аумағында түнеп, келесі күнгі бағдарламаға қатысады.

15 тамызда «LOTUS FLOTILLA» қайықтар шеруі өтіп, «LotusRUN» марафоны ұйымдастырылады. Марафоншылар Жамбыл ауылынан фестиваль өтетін аумаққа дейін жүгіреді. Одан кейін фестивальдің ресми ашылу салтанаты өтеді.

Ашылу бағдарламасында театрландырылған композиция, этно-фольклорлық және хореографиялық ұжымдар мен қазақ эстрадасының әншісі Қуандық Рахым өнер көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.