Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

0

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «PetroRetail» ЖШС-нің еліміз аумағында заманауи жол бойындағы сервис нысандарының желісін дамытуға бағытталған инвестициялық жобасын іске асыруға қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Инвестициялық жоба аясында 2029 жылдың соңына дейін жол бойында 60 заманауи сервис нысанын салу жоспарлануда. Олардың құрамына автожанармай құю және электр қуатымен зарядтау станциялары, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер, TIR тұрақтары және қонақүйлер кіреді. Жобаны іске асыру жол бойындағы сервистің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, жүргізушілер мен жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ көлік және туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.