Ұлттық дебатқа қатысушылар арасындағы ең жас үміткер, Қазақстан Халық партиясының өкілі Ислам Сұңқар елімізде адамның болашағы оның еңбегі мен біліміне байланысты екенін айтты.
«Жастарға мүмкіндік берсек, Қазақстанның болашағын айқындаймыз. Себебі бүгін қабылданатын шешімдеріміз еліміздің ертеңіне тікелей әсер етеді», — деді ол.
#ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026