Бұл кезеңде барлық партияға екі ортақ сұрақ қойылады. Әр партия өкіліне жауап беру үшін екі минут уақыт беріледі. Бірінші сұраққа жеребе ретімен, екінші сұраққа кері кезекпен жауап беріледі.
Алғашқы сұрақ: Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Осыған байланысты елімізде дарынды әрі кәсіби мамандардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасап, шетелден жоғары білікті адами капиталды тартатын өңірлік хабқа айналу үшін қандай заңнамалық тетіктерді іске қосу қажет деп санайсыз?
«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Серік Егізбаев сауалға жауап берді.
#ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026