Гвардейск гарнизонының әскери прокуратурасы ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және қызметтік әдеп» тақырыбында семинарлар мен тренингтер өткізілді.
Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің және Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасының әскери қызметшілері, сондай-ақ гарнизонның құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Қатысушылармен пікір алмасу жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары талқыланды.
Семинар әскери ортада заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.