Қордай ауданының жас футболшылары Қазақстан чемпионатында жүлделі III орынға ие болды. 2026 жылғы 22–29 тамыз аралығында Түркістан облысы Сауран ауданында 2014 жылы туған жасөспірімдер арасында ауылдық спорт мектептері командаларының Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.
Еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар бас қосқан дүбірлі додада Қордай ауданының командасы тартысты ойын көрсетіп, чемпионаттың қола жүлдесін еншіледі.
Бұл жетістік – жас спортшылардың тынымсыз еңбегі мен жаттығудағы табандылығының, сондай-ақ бапкерлердің кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Жас футболшыларымызды және олардың бапкерлерін айтулы жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!