➡️ Фейк: Қазақстан азаматтарына бір миллион пәтерді тегін беріледі
JAQ.OrtCom ресми мәлімдемесі:
Қазақстан азаматтарына бір миллион пәтерді тегін беру жоспарланып жатқаны туралы таралып жатқан видеоролик шындыққа сәйкес келмейді.
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда бұған дейін де бірнеше рет кездескен манипуляция тәсілі қолданылған: шынайы бейнекадрлар жалған хабарламаны тарату үшін пайдаланылған. Танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысының қолданылуы жалған материалға ресми сипат беріп, оның шынайы ақпарат екеніне сендіруге бағытталған. Мұндай тәсілдің мақсаты — аудиторияда бұл мәлімдеме мемлекеттік органдардан немесе елдің жоғары лауазымды тұлғаларынан тараған деген әсер қалыптастыру.
➡️ Фейк: Қазақстан мектебінде самокатпен жүрген оқушы туралы видеоролик
JAQ.OrtCom ресми мәлімдемесі:
Таралып жатқан видеороликтің Қазақстан мектептеріне қатысы жоқ. Тексеру нәтижесінде видеоның көршілес елде түсірілгені анықталды.