Әлемдік рекордқа үлес қосты!

0

28–29 қазан күндері Астана қаласында ұлттық өнерді дәріптеуге арналған «Өнермен өрілген Қазақстан» республикалық шығармашылық жобасы өткен болатын.

Жоба аясында қой жүнінен жасалған 500 туындыдан тұратын әлемдегі ең үлкен суреттер топтамасы әзірленіп, Global Best of Records (GBR) халықаралық рекордтар ұйымының ресми сертификатына ие болды.

Аталған тарихи жетістікке Қордайдағы №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Дара Жабыкова да өз үлесін қосты. Ол әлемдік рекордқа қатысушы ретінде арнайы марапатталды.

Бұл – ұлттық қолөнерімізді жаңғыртып, қазақ өнерін халықаралық деңгейде танытуға бағытталған маңызды бастама. Ұстаздың шығармашылық еңбегі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі зор. Дараның дара өнері аудан абыройын ғана емес жалы ел абыройын асқақтатқаны анық. Құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.