Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат Аманбаев Станислав Есенгелдіұлы

0

Өмірбаян

Аманбаев Станислав Есенгелдіұлы Қостанай облысында дүниеге келген. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қордай ауылында тұрады.

Мамандығы — әскери қызметші. 2007 жылы Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК Әскери институтын бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы Қордай ауданының «Сортөбе» шекара бақылау пунктінің бастығы болып бастаған. 2014–2015 жылдары Қордай шекара отрядының офицері қызметін атқарған. 2016 жылдан бері Қордай ауданының әлеуметтік нысандарын қоғамдық тамақтандырумен қамтамасыз ететін ЖК «Аманбаев» басшылық етіп келеді.

Әскери қызмет пен кәсіпкерлікте жинақталған мол тәжірибе маған ел мен қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңызын терең ұғындырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік саланың мәселелері маған әрқашан жақын әрі түсінікті.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты істер мен ашық жұмыс қажет. Білімі мен офицерлік, кәсіпкерлік тәжірибесін туған жердің өркендеуіне, қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағыттамақ.

Сайлауалды бағдарламасы

СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, халықты тұрақты сумен қамтамасыз ету және электр энергиясының үздіксіз берілуін қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылдау. Коммуналдық желілерді жаңартуға және жаңғыртуға, көшелердің жарықтандыру жүйесін дамытуға, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіруге жәрдемдесу арқылы елді мекеннің абаттандырылу деңгейін көтеру және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау.

ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

Ауылдық жерлерде кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдай жасауға, жеңілдетілген қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуына жәрдемдесу. Шағын және отбасылық бизнесті дамытуға, жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмысын кеңейтуге және ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға ықпал ету.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған, тиісті түрде жабдықталған алаң құруға қол жеткізу.

ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға, жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға ықпал ету, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі мен табысын арттыруға қолдау көрсету.

ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Сортөбе ауылы тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға және қажетті мамандармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, халыққа медициналық көмектің уақтылы көрсетілуіне, сондай-ақ мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы білікті медицина кадрларын тартуға ықпал ету.

ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Балалардың білім алуы мен тәрбиеленуі үшін заманауи, қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға қол жеткізу.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Сортөбе және Бұлар батыр ауылдарының аумақтарын абаттандыруға, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіруге, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы әрі көріктендірілген қоғамдық орындар құруға қол жеткізу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.