Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат ЖАТҚАНБАЙ РАМИЛЬ ДҮЙСЕҒҰЛҰЛЫ

0

Өмірбаян

Жатқанбай Рамиль Дүйсеғұлұлы Ауқатты ауылында туып-өскен. Мамандығы — заңгер. 2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысып келеді. «Әділет» шаруа қожалығының басшысы.

Қордай ауданының VІ, VІI және VIIІ шақырылымдарының аудандық мәслихатының депутаты болған.

Кәсіби қызметі барысында инфрақұрылымды күтіп ұстау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерімен айналысқан. Осы тәжірибе нақты шешімдер қабылдау мен ашық есеп берудің маңызын ұғындырған.

Ауданның дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балалардың болашағы.

Әрбір елді мекенге тиісті көңіл бөлініп, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайы жасалуға тиіс деп сенеді. Бағдарламасы «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген.

Басты назарда қордаланған мәселелерді шешумен қатар, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға мүмкіндік жасау және туған жерді сақтау міндеттері тұр.

Сайлауалды бағдарламасы

  1. ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

Елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз етуге және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.

  1. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауылдық елдімекендерді электрэнергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған, тиісті түрде жабдықталған алаң құруға қол жеткізуге ықпал ету.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесуге ықпал ету.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

  1. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында жасыл желектер отырғызу, Ауқатты ауылдық округінде абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу. Полигонның экологиялық талаптар мен санитариялық нормаларға жүз пайыз сәйкестігін қамтамасыз ету.

Leave A Reply

Your email address will not be published.