Өмірбаян
Алик Дархан Аликұлы «Respublica» партиясынан №11 сайлауалды округінің тұрғындарының мәселелерінің іс жүзінде шешілуі маңызды деп санайды. Басты басымдықтары партияның «Қуатты экономика мен лайықты өмір партиясы» атты бағдарламасына негізделген.
Сайлауалды бағдарлама
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША
Округтің негізгі мәселелеріне маусымдық және бейресми жұмыспен қамтудың жоғары үлесі, жастар үшін лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының тапшылығы, шағын бизнесті бастауға кедергілердің болуы, заманауи ауруханаға деген өткір қажеттілік, жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы, көшелерді жарықтандырудың жеткіліксіздігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту қажеттілігі жатады.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
Ауыл тұрғындарын жыл сайын тұрақты әрі нәтижелі жұмыспен қамтуға, сондай-ақ №11 округ тұрғындарын 2031 жылға дейін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп түлектерін олардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік біліммен міндетті түрде қамту.
Жаңа аурухана салуға және оны заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Ауылдар: Қордай, Әлжан ана, Алға, Мұзбел, Көгадыр, Степное, Арал, Қалғұты, Бетқайнар, Соғанды, Қақпатас, Беріктаc, Сарыбұлақ, Қайнар, Жамбыл, Жаңатұрмыс, Кенен.
2031 жылға дейін газдандыру деңгейін 94,7%-ға, ал халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету деңгейін 94%-ға жеткізуге қол жеткізу. Сумен жабдықтау жүйелері мен электр желілерін қайта жаңғырту және салу жобаларын қаржыландырудың басым бағыттарына енгізу. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарындағы жөндеу жұмыстарының сапасына қатаң бақылау орнату, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) арналған учаскелерге инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстарын жеделдетуге ықпал ету.
КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛДАР
Ауылдық округте ішкі жолдарын жақсарту, жарықтандыру мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында мақсатты жұмыстар атқарылады.
Алға ауылында Ж.Алдабергенов көшесін жарықтандырып, 2,2 шақырымына орташа жөндеу жүргізілсе, Көгадыр ауылында М.Смағұлов көшесінің 0,2 шақырымына ағымдағы жөндеу жасалады. Жамбыл ауылында Қосқұдық пен Көгершін көшелерін жарықтандыру, сондай-ақ Жетісу көшесі мен Ж.Жабаев атындағы орта мектептің қосалқы көшесін жөндеу көзделген. Жаңатұрмыс ауылында Т.Рысқұлов пен Қалманбет көшелері жарықтандырылып, Қабылбек көшесі мен оның қосалқы көшесі жөнделеді. Беріктас ауылында Төле би көшесінің 0,7 шақырымына орташа жөндеу жүргізіледі.
Қордай ауылының Шығыс алқабында Домалақ ана және Өтеген батыр көшелері орташа жөндеуден өтеді. Қайнар ауылында Шаңырақ, қосалқы Абай, Смағұл қосалқы көшесі, Мектеп және Жамбыл көшелері, ал Степное ауылында Абай, Әспетов, Білім, Игілік және Батыс көшелері жөнделеді. Сонымен қатар, барлық ауылдарда мектептер мен әлеуметтік нысандар маңында жаяу жүргіншілер аймақтары, қауіпсіз өткелдер мен жасанды жол кедергілерін орнату қамтамасыз етіледі.
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ
Ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының жүйелі түрде өткізілуіне жәрдемдесу. Акция аясында елді мекендерді тұрақты түрде тазалау, көшелер мен қоғамдық орындарды көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын қамтамасыз ету.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИЯ
2031 жылға дейін 0,235 млрд теңге қаражат бөлу есебінен 172 заманауи бейнебақылау жүйесін орнату. Бұл көше қылмысын 15–20%-ға төмендетуге және қоғамдық орындардағы «көрінбейтін аймақтарды» жоюға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект пен тұлғаны тану жүйесін енгізу ұрлық пен бұзақылық фактілерін анықтауды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруді жеделдетеді. Мектептер мен балабақшаларды Жедел басқару орталықтарына қосу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ал жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға ықпал етеді.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ӨҢІРДІ ДАМЫТУ
Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартуға, жаңа өндіріс орындарын іске қосуға және отандық өнім көлемін арттыруға ерекше назар аударылады. Инвестициялық жобаларды іске асыру ауыл шаруашылығы өндірісінің артуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді.