ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА БЕТҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІН САЙЛАУ БОЙЫНША САЙЛАУ ОКРУГІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

0

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Бетқайнар ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округі және оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.

Төраға                                                                                                        А.Сырлыбаев

Хатшы                                                                                                        Г.Ниязгулова

Қордай ауылы / 11 қараша 2026 жыл / №09

Leave A Reply

Your email address will not be published.