Отбасы – бала бақыты!

0

Гвардейск гарнизонында Отбасы мерекесіне орай «Отбасы – бала бақыты» тақырыбында іс-шара өтті.
15 мамыр — Халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген болатын.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің және жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
Айтулы мерекеде 40-шы «Отар» Әскери базасының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жетекшісі Сандуғаш Наханова Бауыржан Момышұлы атындағы №43 орта мектебінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен іс-шара өткізді.
Шараға әскери қызметшілердің отбасы мүшелері, теолог, психолог, қаржы маманы, заңгер қатысты. Шара барысында сұрақ-жауап, психологиялық тренингтер, қол өнер сайстары ұйымдастырылды және отбасы тәрбиесіне байланысты бейнеролик көрсетіліп, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
— Баланың қалыптасуы да, ұрпақтың өсіп өркендеуі де отбасынан басталады. Бүгінгі іс-шараны өткізу арқылы әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне отбасы құндылықтарын мен тәлім-тәрбиенің маңыздылығы жеткізілді. Отбасымыз аман болып, мемлекетіміз өсіп-өркендей берсін, — деді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жетекшісі Сандуғаш Наханова.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.