Жас сарбаздар атыс қаруын игеруде

0

Гвардейск гарнизонында әскери бөлімдердің әскер қатарына жаңа келген сарбаздары атыс даярлығы сабағында қарудан жаттығуларды орындады.
Іс жүзінде өтетін атыс сабағы Құрлық әскерлеріне қарасты оқу-жаттығу орталығының полигонында жүргізілді. Атыс қаруынан бастапқы жаттығуы әскерге жаңа келгендердің бағдарлама жоспарына сәйкес қауіпсіздік шаралары сақталып, ұйымдастырылды. Жас сарбаздар атыс қаруынан жаттығуды орындау алдында қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын жан-жақты үйреніп, бастапқы жаттығу мен ату кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жатқа меңгерді.
Сонымен қатар, атыс даярлығы барысында оқу-жаттығу орындарында атыс қаруынан атуға дайындалу, атыс қаруын дұрыс көздеу және тағы басқа нормативтерді орындады.
— Қазіргі таңда жас сарбаздармен атыс қаруынан оқу ату жаттығуын өткізудеміз. Сарбаздар жаттығуды меңгеріп, жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Біздің мақсатымыз – сарбаздарды әскери іске дайындау және қаруды қолданудың қыр-сырын үйрету, — деді жас сарбаздар жиынының бастығы подполковник Ұлан Сейфулдинов.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.