ДЕПУТАТТАР САЯСИ РЕФОРМАНЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРДІ

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, республикалық штаб мүшелері Ильяс Буларов, Назиля Раззак және Гүлдара Нұрымова елімізде өткізілетін референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Қордай ауданындағы Қызылсай ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында халық қалаулылары ауыл тұрғындарына ел Президентінің конституциялық өзгерістерді республикалық референдумға шығару ұсынылғанын, яғни оларды қабылдау тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді. Алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейтіндігін айтты. Ата заңымызға түзетулер елдің болашағына айтарлықтай әсер ететіндігін және Конституциялық реформа жалпыұлттық сипатқа ие, ол жаңа мемлекеттік модельді қалайтындығына тоқталып өтті. Соған байланысты өңірлерде штаб мүшелері халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастағанын жеткізіп, жиналған қауымды референдумға қатысуға шақырды

Leave A Reply

Your email address will not be published.