Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жеке тұрғын үйлерде өртті болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің тілсіз жау екендігін аудан тұрғындарына аз айтып жүрген жоқ. Сонда да өрт оқиғалары жеке тұрғын үйлерде жиі орын алуда.
Қыс мезгілінде жеке тұрғын үйлерде ережеге сай салынбаған жылу пештерінің ақаулығынан өрт оқиғалары кездесіп жатады. Қысқа әзірліктің бірі – жылыту құралдарын мұқият дайындау.
Қыс мезгіліндегі өрттердің алдын алу мақсатында қарапайым ережелерді сақтаңыздар:
-Жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіп, мұржаларды күл-қоқыстан айына кемінде бір рет тазартып тұрыңыз;
-Қатты отын пайдаланатын пеш есігінің алдын өлшемі 50х70 см. кем болмайтын жанбайтын материалмен қорғаңыз;
-Пешке тамызғы ретінде тез жаңғыш сұйықтықтарды қолдануға жол бермеңіз;
-Үйде, тұрмыста газ құбырларын мамандарға тексертіп отыру;
-Сіріңке мен жандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
-Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
-Үйден шығарда барлық газ және электр қондырғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
-Төсек орнында темекі шекпеңіз, темекі қалдықтарын балкондар мен терезелерден лақтырмаңыз;
А.СПАНДИЯР, Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты